«Жолдасым машинама дөңгелек сыйлады»: Мадина Сәдуақасова туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
12.09.2024, 15:48
933
«Жолдасым машинама дөңгелек сыйлады»: Мадина Сәдуақасова туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті жеке мұрағатынан

45 жасын дүркіретіп атап өткен Мадина Сәдуақасова туған күніне келген сыйлықтарын ашты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі туған күні қарсаңында ерекше фотосессия жасап, көпшілікті таңғалдырған еді. 

“Осы ғой, бағым бес елі,
Самғатқан шаттық шырайын.
Дəл осы ұлы бақытты,
Əркімге берсін Құдайым!
Қош келдің, жаңа жасым!”, – деп жазған еді әнші. 

Көп ұзамай жекеменшік мерекесінде келген сыйлықтарын оқырмандарына көрсетіп, мақтанып алды. 

“Сыйлықты кім жақсы көрмейді?! Әнуар өзінің жинап жүрген ақшасына Apple құлаққап алып берді. Ата-анам, бауырларым, әріптес, дос- құрбыларымнан неше түрлі әдемі дүниелер келді. “Күйеуің не сыйлады?” дейсіздер ғой?! Машинаға қысқы дөңгелек алып берді. Бұл видеоға жараспады. Бірақ олар🛞шын жүрекпен айтылған тілек, берілген сыйлық. Гүл, дөңгелек бәрі-бәрі қымбат мен үшін. Рақмет!”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат көлік сыйлаған Мадина Садуақасованы сынап тастаған еді. 

 

Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды