Ақтөбеде мүгедек болып қалған қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион теңге талап етіп, сотта жеңіп шықты

13.09.2024, 15:55
907
Ақтөбеде мүгедек болып қалған қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион теңге талап етіп, сотта жеңіп шықты бейнежазбадан алынған кадр

Ақтөбе облысында 4 жасар қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион талап етіп, сотта жеңіске жетті. Себебі бала қатты күйік алып, бір ай қиналған, ал дәрігерлер ота жасауға асықпапты. Салдарынан 4 жасар қыз мүгедек болып қалды. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өткен жаздың басында Балымның бөксесі, жамбасы, аяғы мен табаны қатты күйген. 

Ата-анасы бірер секундқа көз жазып қалған кезде ол үстіне қазандағы қайнаған суды төгіп алған. Төрт жасар қыз көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Үш күндік қарқынды терапиядан кейін ота жасалуы керек еді, бірақ жасалмапты.

“24-іне дейін күтсін деді, өйткені жалғыз комбустиолог демалыста екен. 24-і жұмысқа шығады, отаны өзі жасайды деді. 24-і таңертең ота жасалуға тиіс еді. Бірақ терінің донорлық бөліктерін кесетін Dermaton құрылғысы жоқ деп болмай қалды”, – деді баланың анасы Гүлдерай Ғаділшина, анасы.

Әйелдің айтуынша, олар барлық дәрі-дәрмек, таңғышты, тіпті жабысқақ гипсті өздері сатып алған. Ал ауруханада жатқанда жараларын кәдімгі желдеткіштің көмегімен кептірген. Ал негізінде олай жасауға болмайды екен. 

“Ең сорақысы, Ақтөбенің көпбейінді ауруханасында мамандар ауруды басатын дәрі-дәрмексіз таңу жасап берді. Олар анальгин де бермеді! Менің адвокатым айтқандай, "фашистік әдістерді" қолданды. Мен дәрігерлерге сендім. Бірақ хаттама бойынша балалардың күйік ауруы кезінде таңу әр төрт күн сайын наркозбен жасалуға тиіс”, – деді Балымның анасы.

Ота кейінге шегеріле берген соң ата-ана Орынборға өз бетімен баруды ұйғарады. Алайда осы кезде баланың ауруы асқынып кетіпті. Гемоглобині айтарлықтай төмендеп, жараларынан қан кеткен, дене температурасы көтерілді.

Ота сәтті өтсе де, Балым аяғына тұра алмады. Мүгедектік берілген. Ата-ана бұған дәрігерлердің салғырттығын себеп болды деп санап, оларды сотқа берді.

“Ананың баласының мүддесін көздеп, қалалық мемлекеттік ауруханалардың біріне моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Сапасыз қызмет көрсету салдарынан баланың көрген физикалық және моральдық азаптарын ескере отырып, сот жауапкерден моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге және материалдық шығын ретінде миллионнан астам соманы өндірді”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндет.

Бірақ дәрігерлер мұндай ақшаны төлеуге дайын емес және шешімге қарсылық білдірді. Олар баланың мүгедектікке не себеп болғанын анықтау үшін сараптама жүргізуді сұрайды. Бұл олардың кінәсі емес екеніне сенімді. 

Оқиғадан кейін биыл қыста бір бала дәл осындай күйікпен ауруханаға түскен. Балымнан айырмашылығы, ауруханаға түскен соң оған екі күннен кейін ота жасалды. Бір аптадан кейін бала бірден дерлік сауығып кетті. Ата-ана Балымға да дереу ота жасалғанда, ол да жазылып кетер еді дейді. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды