Кісі қолынан өлген Айгүл Сайлыбаеваның енесі сол күйі табылмады — Германия прокуратурасы

13.09.2024, 19:14
881
Кісі қолынан өлген Айгүл Сайлыбаеваның енесі сол күйі табылмады — Германия прокуратурасы жеке мұрағатынан

Германияда көз жұмған судьяның соты жалғасып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Дармштадт қаласының (Германия) прокуратурасы ресми сауалға берген жауабында хабарлады. Жағдай туралы Kazinform жазды.

Қазіргі уақытта қамауға алынған ешкім жоқ, дәлелдер әлі де сарапталып жатыр.

«Тергеу амалдары жалғасуда, атап айтқанда, қосымша айғақтарды талдау қажет. Осыған байланысты тергеу әзірше аяқталмайды. Қамауға алынғандар да жоқ. Бұдан басқа, қазіргі уақытта туыстарының қайда екені туралы ақпарат жоқ», — деп түсіндірді аға прокурор Йоахим Хаусшильд. 

Прокуратура тергеуге қанша қызметкер қатысқанын хабарламады. 

Еске сала кетейік, азаптап өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын. 

Бұрынғы судьяның жоғалғанын оның інісі Қанат Сайлыбаев хабарлаған еді. 

Артынша неміс полициясы ҚР азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне түсінік берді.

Бұған дейін 40 жастағы А.Сайлыбаева Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, соңғы уақытта Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған.

4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апарған. Содан бері оны ешкім көрмеген. Оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды.

Немістің BILD басылымының хабарлауынша, әйелдің мәйіті полиэтилен қапқа салынған, өлім алдында азап көрген. Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылды. 

А.Сайлыбаевамен бір мезгілде Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаева Алматыда арулап жерленді. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады