525

Осы демалыста күн райы елімізде 32 градусқа дейін жылынады

Қазгидромет синоптиктері 14-16 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Осы демалыста күн райы елімізде 32 градусқа дейін жылынады
pexels

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, демалыс күндері әлі де ауқымды антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

 

Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады: республиканың шығысында түнгі уақытта жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін. 

Республика бойынша жел күшейеді.

Түнгі және таңертеңгі сағатта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі. 

16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз ауа температурасы: республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батысында +12+25°С, шығысында +5+18°С, оңтүстігінде +23+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтеріледі.

Материал авторы