«Қыздың бір көзі ағып, анасының миы шашылып кеткен»: Түркістан облысында өлтірілген екі адамның туыстары мән-жайды айтты (видео)

Аиса Махамбет Редактор
14.09.2024, 11:54
1260
«Қыздың бір көзі ағып, анасының миы шашылып кеткен»: Түркістан облысында өлтірілген екі адамның туыстары мән-жайды айтты (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Мұғалім еркек қызды зорлап, қызды анасымен қосып өлтіріп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында 16 жастағы қыз бен 45  жастағы анасы кісі қолынан қаза тапты. Қанды оқиға Келес ауданында болған. 30 жастағы күдікті бұған дейін ауыл мектебінде сабақ берген. Оқушысына қырындағаны үшін жұмысынан қуылған ол осылайша өшін алмақ болды дейді марқұмның қара жамылған отбасы. 

Қанды оқиға болатын түні 16 жастағы Нұрила дәл осы әпкесінің үйінен келген екен. Туыстарының сөзінше кілт далада қалып кеткен болуы керек. Сөйтіп, түнгі екіде келген қаскөй ұйқыда жатқан жесір келіншекті басынан кірпішпен төмпештеп, кейін бойжеткенге қол жүгірткен. Зорлық көрген 10-сынып оқушысының ажалмен арпалысқан дауысы көршілерге жетіпті.

"Көршінің үйінен түнгі екіден асқанда дүкілдеген дауыс шықты. Алғашында түсінген жоқпыз. Сосын жүгіріп барып қарадым. Терезені ұрғанда дауыс тоқтады. Өздері шығар деп қайтып кетіп бара жатқанымда қыздың ыңырсыған дауысы шықты. Не болса ол болсын деп жүгіріп келіп, кіргенде біреу мені ұрып жіберді. Содан ұстап құшақтап алдым.  Ол жұлқынып қашып құтылды", – дейді куәгер көрші.

Марқұмдардың сүйегін жуған жақындары денеде сау-самтық қалмағанын айтады. Қыздың бір көзі ағып, кеудесінің бәрі көгеріп, анасының миы шашылып кеткен дейді. Қан-жоса болған үй-ішін туыстары қанша жуғанымен іздері әлі жатыр.

"Өзім жуындырдым. Денесін адам қарап болмайды. Бет-ауыздарын танымайды адам. Таспен ұрып-ұрып кішкентай сіңілімнің көзін ағызып жіберген. Соншалықты хайуан болар ма? Бастарын жарып тастаған. Құлақтарының бәрінің айналасын тіккен. Жарылған. Түрі жаман", – дейді марқұмның туысы Гүлжан Байболатова.

Отбасының отағасы да осыдан 15 жыл бұрын кісі қолынан ажал құшқан дейін жақындары. Содан жесір қалған Зарипа Нарымбетова үш қыз өсіріп, екеуін тұрмысқа берген. Өзі мектепте аспаз болып жұмыс істепті. Қорғансыз жандарды қорлады деген күдікті де бөтен емес. Нұрилаға дене шынықтыру сабағынан мұғалім болған 30 жастағы ер адам.

"Ол кезде қызымыз 14-те болған. Дене шынықтырудан беретін ағайы сені сүйем деп хат жазыпты. Үш баласы бар отыз жастағы ер адам. Сіңіліміз оны анасына айтқан. Анасы араға түсіп, қызына тиісуді қойсын деген. Болмаған соң полицияға беремін депті. Туған-туысымен келіп әйтеуір кешірім алған еді. Соңы осылай аяқталып отыр ғой. Наша қолданатын бала екен. Ол қалай мұғалім болып жүр? Оны мектеп директорлары қалай жұмысқа қабылдағанын мен әлі түсіне алмай тұрмын", – дейді марқұм туысы Айнұр Байболатова.

Туыстарының сөзінше бұрынғы мұғалім 15 жастағы қызға қырындап, хат жазған екен. Оны естіген анасы директорға шағымданып, жұмысынан сол үшін кеткен дейді. 3 баланың әкесі қазір қамауда.

"Полиция Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", – дейді Түркістан облысы полиция департаментінен.

Кісі қолынан жан тапсырған ана мен қыз кеше жер қойнына тапсырылды. Оларды жоқтаған жақындары күдіктілердің жазадан сытылып кетпей, жауапқа тартылуын сұрайды.

 

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады