«Байланысым жоқ»: Бекболат Тілеухан Құран ұстап ант етті

Аиса Махамбет Редактор
14.09.2024, 15:53
3290
«Байланысым жоқ»: Бекболат Тілеухан Құран ұстап ант етті жеке мұрағатынан

Бекболат Тілеухан өзіне жала жабылғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 200-ден астам адамды қажылыққа апарамын деп алдаған "Kausar Travel" компаниясының басшысы кәсіпті экс-депутат Бекболат Тілеуханмен бірге жүргізгенін айтқан болатын.

Бекболат Тілеухан Kausar Travel атты турфирманың және Медет Мұратбаев есімді азаматтың бар екенінен де  бейхабар екенін айтты.

Бекболат Тілеухан бұл туралы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

“Жалақорға жауап..! Өзіммен-өзім болып, кітабымды жазып, берерлерімді жазбаша түгендеп, бала-шаға, әулеттің қамына ғана көңіл бөліп, намазымды оқып, жасымыз да біразға жетті, басқаның бәрінен бас тартамын деген оймен жүргенмін ғой. Бірақ бүгін осылай елдің алдына шығып сөйлеуге мәжбүр болып отырмын, қажеттіліктен шығып отырмын. Осы уақытқа дейін талай жала жабылды. Қару сатты деді, анасын өлтірді деді, анасын тігінен көмді деді. Оның неге керегі бар? Ән ұрлады, Саудиядан қаржы алды, Сирияға кісі жіберді деді. Енді не бар? Біраз жала жапты. Олардың бәріне пәлендей көңіл бөлген жоқпын. Нанар, нанбас, қисынсыз нәрсе. Нанғысы келгендер, нанғандар болды деген сияқты. Бірақ мына соңғы жала, тіпті ауыр болып кетті. Өйткені қарапайым халықтың тірнектеп жиған, Меккеге деген махаббатынан шығып, аузынан жырып жинаған адал ақысын жымқырып кету деген – өте бір ауыр жала. Ол жаланы жауып отырған Медет Мұратбаев дейтін бала екен. Ол бейшараға да біреулер айтқызып отыр. Ол: "22 жылы күзде Алматы қаласында бәленбай миллион теңге Бекболатқа бердім" , - депті. Бекболат 22 жылдың наурызы мен 23 жылдың қаңтарында Қазақстан топырағына табанын басқан жоқ, айтатын адам айта береді ғой”, – дейді Бекболат Тілеухан. 

Ол Құран ұстап ант етіп, Kausar Travel-мен байланысы жоғын айтты.

“Ел ішінде осыған байланысты күмәнді нәрсе туған соң мынадай қадамға баруға мәжбүр болып отырмын. Осы уақытқа дейін қаншама қызмет атқардым.... Сол кезде де ешқашан намазымды тастаған жоқпын, мешітімді тастаған жоқпын, дінімді жасырған жоқпын. Сақалымды қырған жоқпын, қырмаймын да, тастамаймын да, Инша Алла. Мен үшін дін қаншалықты маңызды екенін білесіздер. Ислам Құранға негізделген. Құранмен ант ету, Алланың атымен ант ету дегеннің жүгі ауыр екенін білесіздер. Кімде-кім өтірік Құранмен ант етсе, діннен шығады, білесіздер. Мына сөзім елге жету үшін осындай қадамға мәжбүрлі түрде барып отырмын. ...Мынау үйде оқитын Құраным. Осы Құранға қолымды қойып отырып, ант еткім келеді. Аллахтың атынан ант етемін, ешқандай Kausar Travel деген фирма бар екенін білмеймін, білген жоқпын, одан соқыр тиын алған жоқпын, оған дейін жер бетінде Медет Мұратбаев деген адам бар екенін білсем, Құдай мені тапсын. Ешқашан ондай нәрсе болған емес. Аллаhтың атымен ант етемін. Беті бүлк етпей жала жауып отыр. Жала жапқызып отыр. ...Мен анамды өлтірген жоқпын, анамды тігінен көмген жоқпын. Ешқандай ән ұрлаған жоқпын. Сирияға бір кісі жіберсем, Құдай көріп отыр. Саудиядан бір тиын ақша алған жоқпын. Жалалардың бәрі қисынға келмейді. Бұқараның есінде маған байланысты күмән қалмасын деген оймен аса бір сәтті қадам емес шығар, бірақ осы қадамға баруға мәжбүр болдым. Өйткені бұл жерде діннің, мұсылманның абыройы тұр. Мұсылманның абыройы Қағбадан қадірлі деген”, – дейді ол.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды