Әйел өзін жұмыстан босатып жіберген бастығын ұрлап әкетіп, ақша талап еткен

Аиса Махамбет Редактор
15.09.2024, 09:14
1393
Әйел өзін жұмыстан босатып жіберген бастығын ұрлап әкетіп, ақша талап еткен news9live

Үндістанда басшысы жанжалдан кейін жұмыстан қуып жіберген қаржы мекемесінің қызметкері, оны туыстарының көмегімен ұрлап әкеткен. Сосын экс-басшысынан ақша талап етіп, азаптаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мадхья-Прадеш штатының Сатна қаласындағы компанияны басқаратын Ашиш есімді басшы өзінің қарамағындағы Шикха Сингхпен белгілі бір жұмыс мәселесі бойынша дауласып қалған. Дау жанжалға ұласып, әйел ақыры жұмыстан қуылған.

Сол күні Ашиш жұмыстан қайтып келе жатқанда бейтаныс адамдар шабуыл жасаған. Олар басшыны күштеп мотоциклге отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Көп ұзамай ер адамның отбасына ұрлаушылар телефон соғып, оны босату үшін 200 мың рупий (1 миллион142 мың теіге) талап еткен.

Туыстары Ашиштың Колгаван ауылында қамауда екенін біліп, дереу полицияға хабарласқан. Ұрлаушылар бұл іске құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысы барын білгенде, ер адамның отбасын қорқытып, қатты соққыға жыққан. Ашиш тез табылғанымен қылмыскерлер қашып үлгерген. Ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Ашиштің сөзінше, бұл оқиғаға Сингхті жұмыстан шығарып жібергені себеп болған. Оны ұрлаушылар осылай кек алмақ болыпты. Әйелдің ұрлау ісін күйеуімен бірлесіп жасағаны белгілі болды. Полиция Сингхке, оның күйеуі мен сыбайластарына іздеу жариялады.

2022 жылдың қыркүйегінде Қытайда ер адамның өз бастығы мен оның отбасын өлтіргені хабарланған. Ол бастығының жоғарылатудан бас тартқандықтан қылмысқа барған.

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды