Қызылорда облысында 8 адамды бопсалаған блогер сотталды

Аиса Махамбет Редактор
15.09.2024, 11:49
813
Қызылорда облысында 8 адамды бопсалаған блогер сотталды Jonas Leupe / Unsplash

Блогер бопсалап ақша алып келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы сегіз адамды бопсалаған күдікті сотталды.

Бұл бойынша Жаңақорған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды. 

Сотталушы 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы 8 жәбірленушінің абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Салдарынан бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен 1 950 000 теңгені жеке бас пайдасына жаратқан. 

Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлердің жауабымен, айғағымен, сараптама қорытындысымен, бейнежазба және қылмыстық іс материалымен дәлелденген. Ол кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынның 1 650 000 теңгесін қайтарған. Сот сотталушының кінәсін толық мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екенін жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жәйлар ретінде таныды. Жаңақорған аудандық сотының үкімімен оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді, - деп мәлім етті Жаңақорған аудандық сотынан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды