Талдықорғандық студенттің жұмбақ өлімінің сыры жеті ай өтсе де әлі ашылмады

Аиса Махамбет Редактор
17.09.2024, 11:10
1145
Талдықорғандық студенттің жұмбақ өлімінің сыры жеті ай өтсе де әлі ашылмады жеке мұрағатынан

16 жастағы Зарина жұмбақ жағдайда қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында жатақханада жұмбақ жағдайда қайтыс болған студент қыздың туыстары тергеудің созылып кеткеніне наразы. 16 жастағы Зарина Берікова 28 ақпан күні Талдықорған қаласындағы «Жігер» жатақханасында аяқасты  қайтыс болған. Содан бері 7 ай өтсе де,  қылмыстық іс әлі сотқа жетпеген. Бұл туралы Kazinform жазды.

Ескелді ауданының тұрғыны Зарина Берікова 9-сыныптан кейін Талдықорған қаласындағы инновациялық колледжге түседі. Мұғалім болуды армандаған бойжеткен небары 6 ай ғана оқып, белгісіз жағдайда көз жұмған.

«Міне 7 ай болды, маған әлі жұмбақ неден қайтыс болғаны. Бір ақиқаты болу керек қой. Осы уақытқа дейін бір шеті шығу керек еді, іс тергеліп жатыр дейді неше айдың жүзі болды. Есіктерін қағып барамыз, ешқандай әлі ақиқат жоқ», - дейді Заринаның анасы Жазира Тоғасбаева.

Анасының айтуынша, Зарина жатақханада коменданттың бөлмесінде көз жұмған. Ал онда не болғаны әзірге беймәлім. Білім ордасындағылар аяқасты талып қалды дегенді айтқан. Бірақ туыстары Заринаның ешбір сырқаты жоқ екенін, тіпті уайымы да болмағанын айтады. Олар бейнекамерадан бойжеткеннің сол бөлмеге өз аяғымен кіріп, кері шықпағанын жеткізді.

«Бала өз аяғымен 20:04- те ол бөлмеге кіріп тұр негізі. Сол аралықта екі жедел жәрдем келген. Қызымызға ешқандай алғашқы көмек көрсетілмеген. Бірінші экспертизада ношпадан уланған деп көрсетіп берді. Оған біздің күмәніміз бар. Егер көп мөлшерде ішетін болса асқазанынан табылуы керек еді. Жуындыруға өзім кірдім. Сол кезде байқадым оң жақ көзі және астыңғы ерні ішінен жырылып, көгеріп қалған. Оны бірінші экспертизада да көрсетіп берген бізге. Қатты заттан пайда болған травма деп. Оны бірінші экспертизада да көрсетіп берген», - дейді туысы Айым Жиынбек.

Сондай-ақ марқұмның туыстары тергеудің әділ өтіп жатқанына күмәнмен қарайды. Олардың сөзінше, бастапқы істе тіркелген жатақханадағы бейнежазба бүгінде жоқ. Қыздың телефонындағы смс-хаттар өшірілген. Зарина Берікованың туыстары қайта медициналық сараптама тағайындап, сол күні қыздың жанында болған адамдарды тергеуді сұрайды.

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды