«Екі айда үш рет ота жасады»: Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр күндерін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
17.09.2024, 11:52
929
«Екі айда үш рет ота жасады»: Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр күндерін есіне алды жеке мұрағатынан

Танымал актер, шоумен Жахан Отарғалиев ауыр дертке шалдыққан күнін есіне алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Түркияның Ыстамбұл қаласына барып, емделіп келді. 

“2023 жылдың қыркүйегінде маған хейт жауды. Сөз сүйектен өтеді деген рас екен. Ауруханадан бір-ақ шықтым. Екі айда үш рет ота жасалды. Сол кезде-ақ денсаулықтың қадірін түсіндім. Кез келген сынақ текке келмейді. Өзінің айтары бар сияқты деп ойлаймын. Наркоздан ояна сала, жылап қалдым. Көзімді ашсам, айналамда ешкім жоқ. Жалғыз қалғанымды сол кезде түсіндім. Одан кейін ота нәтижесін бір апта күту керек болды. Қатерлі ісіктің екі түріне күдік болған еді. Стресс осы кезде басталды. Нәтижесінде ешқандай қауіп жоқ болды”,– деп бастады әңгімесін Жахан. 

Сондай-ақ өзін қаралаған адамдарға да үндеу жасап, қарғыс айтқан жандарға тоқталды. 

“Адам бәріне шыдайды екен. Өтірік жылай береміз. Алла көтере алатын сынақ береді екен. Ал қазір өткен күндерді күліп еске алып отырмыз. Не деген жаман сөздер естіп едім. Бірақ ол білмегендіктен айтты. Сол үшін мән бермедім. Бәрінен де анама қатты тиді. Анам оқып алып, жылап қалды. Сол кезде не істерімді білмедім. Ең жаманы жақынамнан: “Жахан TikTok-тан басқа ештеңеге түсе алмайды” деген сөзі қатты ауыр тиді. Бірақ сол менің орнымнан тұруыма көмектесті. Сол сөзді айтқан жанға мың алғыс! Жахан әлі Оскар алады. Күле бер, сол күні мен де күлемін”, – деп жазды актер. 

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды