«Балаңа кесіріңді тигізбе»: Ақбота Керімбекова ұлына қысым көрсетіліп жатқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.09.2024, 12:32
1403
«Балаңа кесіріңді тигізбе»: Ақбота Керімбекова ұлына қысым көрсетіліп жатқанын айтты жеке мұрағатынан

Отандық әнші Ақбота Керімбекова ұлы Шалқарға қысым көрсетіліп жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі ұлттық арнадағы музыкалық жобаның ұйымдастырушыларына ренішін жеткізген еді. 

“Қолдап, үн қосып жатқан әрқайсыңызға алғысым шексіз! Ана жақта Динаражан балама хабарласып, “Мамаң көп болса 3 күн шулатар, ал мен қанша жоба жасаймын, сенің жолыңды жаппасын да" деп айтады дейді. Бағана да “балаңа кесіріңді тигізбесей” деп маған қыр көрсеткен. Қоғамда “неге шын таланттар танылмайды, тасада қалып қояды?” деген сауал көп. Жауабы – осы! Талантты адамдарда Құдай жаратқан мінез болатыны аян! Сөйтіп жүріп, біреуге ұнамай қалсаң, жолың өмірлікке жабылады. Көн, көнбе, сен, сенбе, жағдай – осы!", – деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнші ұйымдастырушылар тарапынан көрсетілмеген құрметсіздікке күйінгенін жасырмады. 

“Жалпы, мен майдаланып, мейманхананы мәселе қылу үшін ашынғаным жоқ, ашынуымның себебі құрметсіздікте! Біреуді қаралап, ел алдында әжуалау да маған тән емес. Тағы айтамын, қадірімді қашырғанына, жалпы мұндай жағдайдың жиі қайталанатынына кәдімгідей ренжіп отырмын. Мұндай оқиға жалғыз бұл жерде емес, барлық салада бар. Әліне, атағына, ақшасына қарап бағалау, қорыққанды сыйлау, қазақылыққа менсінбеушілікпен қарау – барлық құрылымда бар. Менің айтарым, әуелі Алладан, сосын, момынның ашынуынан, қазақтың өкпесінің қақжарылуынан бәрі де қорқуы керек! Күйе жағумен емес, сыннан қорытынды шығаруға әрекет жасасаңыздаршы, айналайындар!”, – деп ескерту жасады өнер иесі.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды