Алматыда оқушы қыздардың мәйіті табылғаннан кейін балалар жаппай өз-өзіне қол жұмсады деген қауесет тарады

Аиса Махамбет Редактор
17.09.2024, 13:14
1067
Алматыда оқушы қыздардың мәйіті табылғаннан кейін балалар жаппай өз-өзіне қол жұмсады деген қауесет тарады kp.ru

Алматыда жаппай өзіне қол жұмсау туралы ақпаратқа қалалық полиция департаменті жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, балалар жаппай суицид жасап жатыр деген ақпарат пайда болды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда бір уақытта бірнеше бала өзіне қол жұмсады деген ақпарат тараған еді.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұрын хабарланғандай, екі қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Полицияның мәліметінше, мегаполисте осындай бір ғана оқиға болған. Ұқсас қайғылы оқиға өткен аптада болған. Ол кезде 13 жасар қыз терезеден құлап кеткен.

Департамент жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары тек ресми деректерге сенуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз белгісіз жағдайда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап қаза тапқаны туралы жазған едік. Жергілікті тұрғындардың дерегінше оқиға Жамбыл көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған. Қыздар тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлаған. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)