«Төсекте қалай болу керек екенін бәрі көру керек пе?»: танымал әзілкеш экс-жұбайының жұмысын сынға алды
Интимдік гимнастиканы жалпақ жұртқа жария етіп салады дейді ол.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер, әрі жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелі әлеуметтік желіде интим тренер ретінде курстар өткізіп жүргеніне шүйлікті.
Ол тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында бұрынғы әйелі туралы сөз қозғады. Бүгінде әзілкештің ажырасқан әйелі әлеуметтік желіде интим тренер ретінде курстар өткізіп жүргені белгілі болды.
«Ер адам мен әйелдің арасындағы жеке қарым-қатынас төсектің тыс жеріне шықпауы керек. Ал ол интимдік гимнастиканы жалпақ жұртқа жария етіп салады. Сонда менің әйелімді барлық ер азаматтар көру керек пе қалай төсекте болу керек екенін?», - деді ол.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор