«Досхан Жолжақсыновтың үйінде болдым»: Ақбота Керімбекова өзіне қалталы кісілердің қырындағанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 12:32
1230
«Досхан Жолжақсыновтың үйінде болдым»: Ақбота Керімбекова өзіне қалталы кісілердің қырындағанын айтты жеке мұрағатынан

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова сахнаға шығуға көмектескісі келген қалталы азаматтардың болғанын жасырмады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға танымал актер Досхан Жолжақсыновтың үйінде болған. Әнші Adal Adam Youtube-жобасына берген сұхбатында сол кезді есіне алды. 

“Академияда 3-4-курс оқып жүрген кезімде Досхан Жолжақсынов Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын басқарып тұрған. Ол кісілер менің гитарамен ән айтып жүргенімді ұнатып, көбіне отырыс, тойларына шақыратын. Бір күні Досхан ағаның шаңырағында той болды. Бардым, гитарамен әнімді айттым. Қайтатын кезде Досхан аға бір кісіге "қарындасымды жеткізіп тастаңызшы" деді, өйткені үйіміз бір бағытта еді. "Жарайды" деп сол кісінің көлігіне міндім, жолда келе жатқанда маған қырындай бастады. Енді мен студентпін, жап-жаспын мұндайды түсінбеймін. "Қарындасым, бір жерге барайық" деген сияқты әңгіме айта бастады”, – деді әнші. 

Айтуынша, көліктегі үлкен кісі демеуші болғысы келіп, онсыз сахнаға шыға алмайтынын ескерткен. 

“Ол кісі “енді өнерге қадам басқың келіп жүр екен, саған қолдау керек, мен саған демеуші боламын" деді. Оның сөзіне қатты намыстанып кеттім де, "рақмет. Алла бар ғой, сахнаға өз күшіммен, адал еңбегіммен шығамын" дедім. "Шыға алмайсың" дейді маған, "шыға аламын" дедім. Сөйтіп екеуміз сөзге керісіп қалдық. "Осыдан қарап тұрыңыз, сахнаға өз еңбегіммен шығамын, қолдаусыз" дедім. Сол бір сөз менің намысыма қатты тиді. Өнердің бәрі сатылмайды ғой. Ондайлар бар шығар, бірақ бәрін сондай деуге келмейді. Сырттан өсек те кетеді, әңгіме де кетеді. Бірақ бәріне ере берсек, өмірде жақсы адам қалмайды", – деді ол.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды