«Жаназасын үйімнен шығарғым келді»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 13:53
11174
«Жаназасын үйімнен шығарғым келді»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды жеке мұрағатынан

Белгілі әнші Индира Елемес марқұм композитор, сазгер Арман Дүйсеновтің соңғы сәтінде жанында болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына келіп, марқұмның соңғы сөзін де айтып берді. 

“Жүрегі тоқтап, бір сәтте кетіп қалды. Қатты қиналып, ауырған да жоқ. Осы студияда болды. Қасындағы жігіттердің айтуынша, су ішіп, жатып қалған. Содан оянбаған. Таңғы 9-дар шамасында жүріп кеткен. Соңғы демі қалғанша екеуміз студияда ән жаздық. Ағалы-қарындас болып араласатын едік. Тіпті жаназасын өзімнің үйімнен шығарғым келді. Бірақ имамдар рұқсат етпеді. Жан тапсырған студиядан орталық мешітке алып кетті. Бұл тақырыпта әңгіме айту маған қиын. Бірақ ақиқаты – осы”, – деді әнші. 

Индира Елемес композитор отбасынанн бөлек тұратынын да жасырмады. 

“Соңғы кезде жанұясын қатты сағынып жүргенін айтты. Бала-шағасы мен әйелін жиі айта беретін. Қанша уақыт өтсе де, әлі де ұмыта алмаймын. Ешкімді сөккім келмейді. Бірақ сондай тұлғаның жаназасын шығаруға келгенде үлкен сұрақ болып қалуы өте өкінішті. Не айтарымды да білмеймін?! “Үй болмаса, менің үйімнен шығарайық” деп айтқаным рас. Арман аға отбасын қатты жақсы көретін. Қызы Лондонда оқитын еді, соны уайымдайтын. Бір күні “Ұлым Абылай менің орнымды басады. Ол менің ізімді жалғастырады. Айсұлу да керемет келіншек. Сол қалпында жақсы көремін” деп айтты. Сол кезде кететінін сездірді. Бірақ біз тыйып тастап отырдық”, – деді өнер иесі. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды