"Енем маған айтпай, күйеуімді үйлендіріп жіберді": Меруерт Түсіпбаева тұрмыста болған жылдарын есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 18:32
1131
"Енем маған айтпай, күйеуімді үйлендіріп жіберді": Меруерт Түсіпбаева тұрмыста болған жылдарын есіне алды жеке мұрағатынан

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып, жылап қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі “Иірім” бағдарламасында қонақ болып, жеке өмірін бүкпесіз баяндап берді. Әншінің сөзінше, жолдасымен ажырасуға енесінің де ықпалы болған көрінеді. 

“Студент күнімізде шаңырақ көтердік. Жалпы, енем мені қабылдамады. Жолдасым Шымкент өңірінің жігіті еді. Сол заманда несиеге үй алып, қалада тұрып жатыр едік. Бір күні енем келді де, күйеуімді ауылға алып кетті. Шымкенттегі зауытқа жұмысқа тұрғызып, маған айтпай үйлендіріп жіберген. Өте қиын күндер басталды. Киім болмай, ақша жетпей қолдан киім тоқып киген күндерім де болған. Жатақханада тұрғанда, тосап жауып, ақша тапқан едім. Атүстінде жүрдім. Жақындарыма көмектесу керек болды. Сондай күндер де өтті”, – деді өнер иесі. 

Одан кейін ұлының бала күнінде жанында бола алмағанын да айтып, жылап қалды. 

“Ұлыма көңіл бөле алмадым. Оның балалық шағын еске түсіргенде ол менің алдымнан жүгіріп шығады. Бірақ мен “Балам, мен асығыспын” деп үйге кіріп кетіп, чемоданымды жинап, қайтадан кетіп қаламын. Уақыт солай өте берген. Бала күтушісі, анам, әпкелерім болды. Оны жалғызсыратпады. Мен ғана болмадым. Сол кезде қате түсінік болыпты. “Балаңа жағдай жасап жатырсың. Сол жеткілікті” деп ойладым. “Бір кем дүние” деген сөз бар ғой. Бүгінде ұлым Жапония мен Австралияға ғана барған жоқ. Барлық мемлекетті көрді. Әрине, сол үшін мен тынбай еңбек еттім. Бірақ баламның балалық шағын көре алмадым. Қатты қиналып жүргенде психологқа барып, жан жарамды емдедім. Ұлыммен қарым-қатынасымыз суып кеткен еді. Соны жақсартуға тырысып, шетелде тұрып келдім. Бір ай жанында болдым. Бала тез есейіп кетеді екен. Қазір бәріне айтарым, балаңа көбірек көңіл бөл”, – деп жылады әнші. 

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды