Жеңіл көлікпен сиыр тасыған семейлікке айыппұл салынды
Семейлік тұрғын айыппұл арқалады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде сиырларды жеңіл көлікке тиеген ер адамға айыппұл салынды.
Абай облысының тұрғыны «Жигули» маркалы көліктің салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған еді. Бейнежазбадан бұзаулар көліктің артқы орындықтарына жайғастырылғаны көруге болады.
35 жастағы «ВАЗ-21060» көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция хабарламасында.
Аталмыш баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор