SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Delta Airlines ұшағындағы жолаушылардың ұшу кезінде биіктіктің кенет төмендеуіне байланысты құлақ қалқаны жарылып, мұрындары қанаған.
Дереккөздің хабарлауынша, ұшақ АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласынан Орегон штатының Портленд қаласына ұшып бара жатқан. Үш мың метр биіктіктен ұшақ күрт төмендей бастады, бұл салондағы қысымның төмендеуіне әкелген. Борттағы жолаушылар қатты ауырсыну сезініп, құлақтарын ұстай бастады. Кейбір жолаушылардың мұрнынан қан кеткен.
Ұшақ әуежайға шұғыл қонғаннан кейін ондаған адамға медициналық көмек қажет болған. Әуе компаниясы болған оқиға үшін жолаушылардан кешірім сұрады.