Жаңбыр, үсік, найзағай — 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Бүгін ауа райы қандай болады?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет синоптиктері 20 қыркүйек, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің көп бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.
Республика бойынша жел күшейеді. Батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1-2 градус үсік жүреді.
Еліміздің барлық дерлік өңірінде әлі де төтенше өрт қаупі сақталып тұр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші