Ақтөбеде 9 жасар бала әткеншектен құлап, қаза тапты

Аиса Махамбет Редактор
20.09.2024, 12:32
1168
Ақтөбеде 9 жасар бала әткеншектен құлап, қаза тапты бейнежазбадан алынған кадр

Ақтөбеде 9 жасар бала әткеншектен құлап мерт болды. Оқиға 18 қыркүйек күні кешке Нұр-Ақтөбе көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ойын алаңындағы әткеншекте тербеліп отырған 9 жасар бала құлап кеткен. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Балаға дереу жедел жәрдем шақырылды. Ол келгенше үлкендер оған көмектеспек болған, бірақ нәтиже шықпаған. 

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер оқиға орнына 19:09-да жеткен. Бала ес-түссіз жатқан, куәгерлер оның кеудесіне массаж жасаған.

“103 қызметінің мамандары бірден реанимацияға кірісіп, 30 минут бойы құтқаруға тырысты. Бірақ ол нәтиже бермеді. Сағат 19:41-де ми қызметі тоқтады. Қойылған диагноз: ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы. Сонымен бірге 103 қызметі жеткенше жүрекке массаж жасалғаны белгілі. Сол кезде қабырғасы зақымданып, өкпеге ауа жетпей қалған”, – делінген хабарламада. 

Полиция мәліметінше, баланың қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр.

"Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды