Қазақстанда автобустарда қайырымдылыққа ақша жинайтын еріктілер тексеріледі

Аиса Махамбет Редактор
20.09.2024, 15:15
957
Қазақстанда автобустарда қайырымдылыққа ақша жинайтын еріктілер тексеріледі ашық дереккөзден

Қазақстанда автобустарда қайырымдылыққа ақша жинайтын еріктілер тексерілмек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха журналистердің автобустарда қайырымдылыққа ақша жинайтын еріктілер туралы сұрағына жауап берді.

"Қарап, зерттеп көрейік. Бірақ, бұл жеке басқа қатысты мәселе, олар сізді бопсаламайды немесе талап етпейді. Сіз бергіңіз келсе бересіз, бермеуіңізге де болады. Екіншіден, бұл бетперде артында алаяқтар жасырынуы мүмкін, олай болса иә, бұл біздің құзыретіміздегі мәселе. Осы мәселені зерттеп көрейік. Бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беремін, олар бұл жасөспірімдердің кім екенін, олардың артында кімдер, қандай ұйымдар тұр, барлығын тексереді", – деді Игорь Лепеха.

Вице-министр барлық мәселеге бірден тиісті заң жобасын әзірлеу қажет емес екенін айтты.

"Егер бұл алаяқтар болса, онда қылмыстық кодекске сәйкес жұмыс істейміз. Сосын ол жасөспірімдердің ата-аналары қайда екенін, неге рұқсат бергенін зерттеуіміз керек. Бұл қызметтің жалпы қаншалықты заңды екенін және қаржының қайда кетіп жатқанын зерттейміз", – деді вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алаяқтардың халықты алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқаны туралы жазған едік. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды