«Ауғанстан болып кетпейік»: Ақтөбеде қыздарға арналған жекеменшік мектептің ашылуы желіде талқыға түсті (видео)

Аиса Махамбет Редактор
20.09.2024, 19:48
1077
«Ауғанстан болып кетпейік»: Ақтөбеде қыздарға арналған жекеменшік мектептің ашылуы желіде талқыға түсті (видео) әлеуметтік желі

Ақтөбеде 400-ден аса қыз бала ер адамдар кіруге рұқсат етілмейтін ерекше мектепте оқиды. Бұл орамалды оқушылардың білім алуы үшін жасалған екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде қыздарға арналған жекеменшік мектептің ашылғаны туралы видео пайда болды. Мұнда “Ауғанстан болып кетпейік” деп жазылыпты. 

“Бұл – жеке мектеп. Лицензия алдық. Білім басқармасы хабардар. Ашылу салтанатын өткіздік. Облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімінен қызметкерлер және осы ауданға жауапты депутат келді. Тығылып жұмыс істеп жатқан жоқпыз. 1 қыркүйекте 1 және 9-сынып оқушылары келді. Соны біреу түсіріп “Ауғанстан болдық” деп салған. Мектеп стандартқа сай оқытылады”, – деп мәлімдеді Атамекен мектебінің директоры Венера Жолдыбаева.

Қыздар мектебі 1 қыркүйекте ашылды. Бұрын қалада қыздарға арналған “Құнан” мектебі болған. Білім ошағы жабылып, орнына Атамекен ашылыпты.

“Мектеп формасына қойылатын талаптар орындалады. Оқу бағдарламасы білім стандартына сай жүргізіледі. Оқушылар сырттан орамал тағып келгенімен, ішке кіргенде шешеді. Сабақта орамалсыз отырады. Мектеп қабырғасында ішкі талап ережелері толық сақталады. Орамал киетін мұғалім жоқ деп айта алмаймын. Ондай мұғалімдер бар. “Құнан” мектебінен келген 7 мұғалім бар. Бірақ мектеп ішінде ол кісілер орамал кимейді. Мұғалімдер де мектеп формасын сақтайды. Оқушылар арасында орамал тағатын және тақпайтын қыздар бар. Мектеп тек Ақтөбе облысының балаларына арналған. Сұраныс көп”, – деді директор.

Жеке мектепте 1-9-сынып арасындағы 430 бала екі ауысыммен оқиды. Мұнда баласын оқытуға әкелген ата-ана әр бала үшін айына 30 мың теңге төлеуге тиіс. Көпбалалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға жеңілдік бар. Мектеп директоры білім беру мекемесінде оқушылардың намаз оқымайтынын, онда намаз оқитын орынның жоқ екенін айтты.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы жеке “Атамекен” мектебінің 1 қыркүйектен бастап  жұмыс істейтінін растайды. Мектептің материалдық базасы толық жабдықталғанын жеткізді.

“Білім алушылар Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 “Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы” бұйрығының талаптарын орындап отыр. Мектептегі оқу-тәрбие процесі оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамызда  бекітілген “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы” №348  бұйрығына сәйкес жүргізіледі”, – деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады