«Әкемді атып, досын бауыздап кетті»: Елдос «Колобок» балалық шағын есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
20.09.2024, 20:30
4848
«Әкемді атып, досын бауыздап кетті»: Елдос «Колобок» балалық шағын есіне алды бейнежазбадан алынған кадр

Танымал блогер, шоумен Елдос Кәдірханов балалық шағынан сыр шертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы балалық шағын есіне алып, марқұм әкесі туралы “Taboo” бағдарламасында айтып берді. 

“Әкем ет сатумен айналысатын. 2001 жылы жағдайымыз енді көтеріліп келе жатқанда әкемнен айырылып қалдық. Шымкент өңірінің Леңгір ауданын кішкентай кезімізден жек көріп өстік. Қанды оқиға сол ауданда болған еді. “Сол жақта ет бар, бар ақшаңды алып шық” деп хабарласады. Әкем ешқашан рөлге отырмаған адам. Үнемі досы жүретін. Серіктестері шақырып алады. Ол кезде жигули маркалы машинасы болатын. 500 мың теңгені үйден алып шықты. Жолда кетіп бара жатқанда, артта отырған орыс досы папамды атып, досын бауыздап тастайды. Одан кейін машинаны өртеп, жырадан лақтырып жіберген. Біздің әулеттегі адамдардың денесінде тыртық болатын. Әкемді сол тыртығынан таныды. Менде және немере әпкелерімізде бар еді. Әлі күнге дейін 500 мың теңге үшін өлтіріп кеткені жанға батады. Өмірден тым ерте кетті”, – деп көңілін босатты Елдос. 

Одан кейінгі өмірлерінің қалай өрбігенін де бүкпесіз баяндап берді. 

“Анам 33 жасында, екі баламен жесір қалды. Әкемнің досының артынан төрт бала қалды. Қазір араласып тұрамыз. Тіпті, бала күнімізде түрмеге түсуді армандайтынбыз. Әкелерімізді өлтірген адамдар 26-28 жылдарға сотталды. Соларды көріп, кек алуды ойладық. Әкем қайтқаннан кейін, анам бірден намаз оқып кетті. Соңғы сәт көз алдымда. Әкем ауладан шығып тұрып, “Сендер мамаларыңа, сен балаларға қара” деді. Содан қайтып оралмады. Әкемнің сүйегіне анам өзі кірген. Ешкімнің батылы жетпегендіктен, анам кіріп, әкемді жуындырды. Талай қиындықтан өтті. Көшеде келе жатып, ұрлықшыларға кездесті. Сол кезде анам сөмкесін, әмиянын ешқандай қарсыласпай беріп, жіберіп, екі баласын бауырына басып жылады. Анамызды қорғай алатын дәрежеге жетейікші деген мақсатпен өстік”, – деді блогер. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды