«Досым үшінші баласы берді»: Елдос Кәдірханов не себепті бала асырап алғысы келмейтінін айтты

21.09.2024, 12:32
2138
«Досым үшінші баласы берді»: Елдос Кәдірханов не себепті бала асырап алғысы келмейтінін айтты жеке мұрағатынан

Танымал блогер, кәсіпкер Елдос Кәдірханов не себепті әлі күнге дейін балалы бола алмай жүрген себебін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ол “Taboo” бағдарламасында қонақ болып, сегіз жылдан бері бала сүйе алмай жүргенін жасырмады. 

“Әлі сәби күтіп жүрміз. Менің дұрыс емделмегенімнен болды. Медицина тілінде нақты аты бар. Бірақ ол туралы айтқым келмейді. Таңшолпанмен танысқан кезде де мен нақты жасырмай бәрін айттым. Үйленбей тұрып, біраз жыл бұрын білгенмін. Уақытында ем-дом жасамадық. Әйелім де соған келісті. Бірге күтіп келе жатырмыз. Таңшолпан медицинаның дамығанына, оның күші жететініне сенеді”, – деп бастады әңгімесін блогер. 

Сонымен қатар, блогер сұхбат барысында өзінің жақын досы үшінші баласын дүниеге келмей жатып өзіне беруге ниет еткенін айтты.

“Досым келіп, маған үшінші баламызды сендерге берсек деген ниетін білдірді. Ол маған дүние емес, ұрпағын бергелі отыр. Содан мен отбасыммен ақылдастым. Әулеттің үлкендері маған "не баланы, не досыңды таңда" деді. Яғни, баланы алатын болсаң, досыңнан алшақтауың керек деді. Өйткені сол бала арқылы ертең араларыңда түсініспеушілік пайда болатынын ескертті. Сонымен, ойлана келе мен досымның ұсынысынан бас тарттым. Қазір ол бала – менің кіндік балам. Есімі – Елдос. Мінез-құлқы өзіме ұқсайды. Түрі бауырларына келеді, мінезі тура менікі", – деді Елдос “Колобок”.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді