92 жасар батыр ана 8 баласын сотқа берген

21.09.2024, 13:14
1198
92 жасар батыр ана 8 баласын сотқа берген Tengrinews.kz

Ақтөбе соты егде жастағы көпбалалы батыр ананың өз балаларына қоятын талабы бойынша азаматтық істі қарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тоғыз баланың анасы - 92 жастағы қазақстандық әйел сегіз жауапкерге - өз балаларына өзінің асырауына алимент өндіріп алу туралы талап қойып сотқа жүгінді. Бұл шешімді ол батыр ана болғандықтан және жасына қарай көптеген созылмалы аурулардан зардап шегетіндіктен қабылдадым дейді.

"Істің мән-жайын анықтап келгенде, талапкер жауапкерлердің және үшінші тұлға - З. кіші қызының туған анасы болып табылады. Зейнеткер өз арызында З. кіші қызы қазіргі уақытта онымен бірге тұратынын және материалдық көмек көрсететінін айтты. Осыған байланысты соттан өзінің асырауына тек сегіз жауапкерден - баладан алимент өндіріп алуды сұрайды. Істі қарау барысында жауапкерлер анасының материалдық қамсыздандырылуына тең дәрежеде қатысатындығы туралы сотқа жол берілетін, анық және жеткілікті дәлелдер ұсынбады", - делінген Ақтөбе сотының баспасөз қызметінің ақпаратында.

Сотта хабарлағандай, 92 жастағы зейнеткер кіші қызы өзінің қарт анасына қамқорлық жасайтынын дәлелдеді. Жазбалары бар диск түріндегі дәлелдемелер азаматтық іс материалдарына қоса тіркелген.

"Істі қарау барысында талапкер балалардың оған бармайтынын, сондай-ақ оларды алты жыл бойы көрмегенін көрсетті, бұл да талап қоюдың негізділігін растайды. З. кіші қызы оларды анасымен кездесу үшін үйге кіргізбейді деген жауапкерлердің жауабын сот назарға алмайды, себебі бұған дәлелдемелер берілмеген. Сонымен қатар, сот оны еңбекке жарамсыз ата-ананы күтіп-бағу міндеттерінен қашудың бір тәсілі ретінде қарастырды", - делінген сот хабарламасында.

Сот талапкердің өз балаларынан алимент алуға құқығы бар екенін анықтады, бірақ олардың төртеуі зейнеткерлік жасқа толғанын және алимент өндіріп алуға жатпайтын еңбекке жарамсыз адамдарға жататынын ескерді.

"Кодекстің 145-бабының 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, талапкерді толық қамтамасыз ету үшін алимент істі қарау кезінде қолданылған айлық есептік көрсеткіштің 7 еселенген мөлшерінде төрт жауапкерден өндіріліп алынды. Сот жауапкерлердің асырауында мүгедек балалар мен кәмелетке толмаған балалардың болуын да назарға алды", - делінген Ақтөбе сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот шешімімен талап жартылай қанағаттандырылды: төрт жауапкерден анасынасырауға 7 АЕК (25 844 теңге) мөлшерінде алимент өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

АВТОРЫ: Бакытбек Алтынай

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды