1471

Шахмат олимпиадасында қазақ қыздары Франция құрамасын жеңіп шықты

Қазір Мажарстанда шахматтан олимпиада өтіп жатыр.

Шахмат олимпиадасында қазақ қыздары Франция құрамасын жеңіп шықты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші олимпиада жалғасып жатыр.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, әйелдер сайысында қазақстандық қыздар 8-турда турнир кестесінде шамалас тұрған Францияны (2355, № 13) 2,5-1,5 есебімен жеңді. Атап айтқанда, Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыласынан басым түссе, Әмина Қайырбекова тең ойнады. Тек Меруерт Камалиденова жеңіліссіз келе жатқан Миллиет Софиеге шамасы жетпеді. Алдағы 9-турда командамыз басты фавориттің бірі Польшамен жолығады.

Әйелдер сайысындағы кесте (169 ел):

1️. Польша – 14 ұпай

2️. Үндістан – 14 ұпай

3️. Қазақстан – 14 ұпай

4️. АҚШ – 13 ұпай

5️. Армения – 13 ұпай

Ал ерлер арасында біздің шахматшылар Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетсе, Денис Махнев пен Алдияр Аңсат тең түсті.

Материал авторы