Қазақстанда әйел гаражда бала босанып, сәбиін қорапқа тастап кеткен

Аиса Махамбет Редактор
22.09.2024, 13:14
905
Қазақстанда әйел гаражда бала босанып, сәбиін қорапқа тастап кеткен parents.ru

Солтүстік Қазақстан облысында әйел гаражда босанып, жаңа туған нәрестесін сол жерге тастап кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында болған.

25 жастағы әйел жергілікті ауруханаға қан кетуіне байланысты шағыммен жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында науқастың бала босанғанын анықтап, полицияға хабарлаған. Полиция әйелдің сәбиді гаражда босанып, сол жердегі қорапқа салып кеткенін анықтады.

Нәресте шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған.

"Бала перинаталдық орталықта жатыр, қазір жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Әйел аудандық ауруханада жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Облыстық полиция департаменті аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"25 жастағы әйел Ғабит Мүсірепов атындағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің гаражда бала босанғаны анықталды. Бұл факті бойынша “қауiптi жағдайда қалдыру” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, аталмыш бап бойынша 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.

«Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО)