Ақтауда сәбиге бір ай бойы диагноз қойылмай жансақтау бөлімінде көз жұмды

Аиса Махамбет Редактор
22.09.2024, 19:15
760
Ақтауда сәбиге бір ай бойы диагноз қойылмай жансақтау бөлімінде көз жұмды жеке мұрағатынан

Ақтауда жалғыз ұлынан айырылған ата-ана дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тартуды талап етеді. Бұл туралы Информбюро мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 жасар Абдулланың қазасына ақ халаттылардың жұмысына салғырт қарауы себеп болған. Ата-анасының айтуынша, медицина мамандары бір ай бойы дене қызуы түспей қойған кішкентай бүлдіршінге диагноз қоя алмаған. Салдарынан баланың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Ермек Нұрбаев жалғыз ұлының қазасына ақ халаттыларды кінәлайды. Себебі, дене қызуы 39 градусқа көтеріліп барғанда дәрігерлер бірден қабылдамады дейді әкесі.

"Біз жедел жәрдеммен үш рет бардық, қателеспесем. Үшеуінде де қабылдамады. Төртіншісінде барған кезде 18-інде әйтеуір қабылдады. Ауруханаға жатқызды. 6 күн өткеннен кейін балаға пневмония деп диагноз қойды", – деді Ермек Нұрбаев.

Баласын жер қойнына тапсырып, жаны қиналған әке жергілікті мамандардың жұмысына көңілі толмайды.

"Баланың гемоглабині 70-ке түсіп кеткен. Бұл туралы емдеген дәрігері де, басқалары да хабарсыз. Ашуланып, баланың денсаулығы күрт нашарлап кетті деп сұраған кезде "А,а біз білмедік" деп шықты. Баланың жағдайына жіті мән береміз, қадағалаймыз дегені өтірік", – деп қынжылды әкесі. 

Қара жамылған отбасының ақ халаттылардың жазалануын талап етіп жүргеніне төрт ай болған. 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Махмұтов өз ісіне салғырт қараған мамандар тәртіптік жазаға тартылды деп отыр.

"Баланың сепсис диагнозынан қайтыс болғаны белгілі болды. Медициналық құжаттар дұрыс толтырылмағаны анықталды. Бұл қабылдау бөлімінің қызметкерлерінен кеткен қателік. Жауаптыларға тәртіптік жаза тағайындалды. Құқық қорғау органдарына бүкіл құжат жіберілді", – деді басқарма басшысы.

Қазір полиция "медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары тиісті іс-шарадан кейін іс сотқа жолданып, кінәлілерге құқықтық баға берілетінін жеткізді. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады