«Жаңбыр, найзағай, жел»: 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Аиса Махамбет Редактор
23.09.2024, 09:15
1013
«Жаңбыр, найзағай, жел»: 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды stan.kz

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК 2024 жылы 23 қыркүйек, дүйсенбіге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын ұсынды. 

Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

"Республикамыздың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан өңірлерінде сипат алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының орталығында, батысында, Абай облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады