«Сүйінші»: Мейрамбек Беспаевтың жары үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Аиса Махамбет Редактор
23.09.2024, 09:50
2840
«Сүйінші»: Мейрамбек Беспаевтың жары үшінші сәбиін дүниеге әкелді жеке мұрағатынан

Қуанышты жаңалықты көпшілікке әнші Сәкен Майғазиев жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанды.

Өнер иесінің жары мархабат Беспаева Instagram парақшасында аман-есен босанғанын жазып, сүйінші сұрады. Қуанышты жаңалықты әнші Сәкен Майғазиев те бөлісіп, жылы лебізін білдірді.

Алла ұлық! Жаратқан иемізге шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Мейрамбек пен Мархабат Әбіләшім әкеміз бен Жібек анамызға тағы бір немере сыйлады! Балапанымыздың бауы берік болсын! Саналы, иманды, білімді болып өссін, - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Айта кетейік, бұған дейін 47 жастағы Мархабат Беспаева аяғы ауыр екенін мәлімдеген еді.

Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де, міне, үшінші рет басымнан кешудемін. Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр.

Біз сені асыға күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын, - деп жазды ол.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады