Аяғы жүрмей, жағы қозғалмай қалды: 10 жыл тұрмыстық зорлыққа шыдаған қазақстандық әйел күйеуі жазасыз қала ма деп қорқады

Аиса Махамбет Редактор
23.09.2024, 13:31
855
Аяғы жүрмей, жағы қозғалмай қалды: 10 жыл тұрмыстық зорлыққа шыдаған қазақстандық әйел күйеуі жазасыз қала ма деп қорқады бейнежазбадан алынған кадр

Ақтаулық келіншек желіде күйеуінің соққыларынан жағы құрысып, сөйлей алмай қалғанын мәлімдеп, дабыл қақты. 10 жыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шыдаған әйел соңғы рет зәбір көрген кезде тіпті аяғы баспай қалып, ауруханаға түскен. Stan.kz тілшісі Ақсұңқармен байланысып, оқиғасын сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 6 баланың анасы Ақсұңқар 18 қыркүйекте күйеуінің соққысынан ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Сөзінше, ер адам оны жаздық үйге кіргізіп, іштен кілттеп, аямай ұрған. 

“Үнемі көлікпен проблемасы бітпейді. Бір күні жол апатын жасап, 4 көлікпен соқтығысты да, 1 миллион қарызға кірді. Үйге келіп, бар ашуын менен алды. Осындай жағдайға тап болғанына мені кінәлап, жаздық үйге кіргізіп алып, ұрды. Қайын әпкем мен апа көмектесе алмай, сыртта есікті түртіп тұрды. Мені соққыға жығып жатқанын қыздарым да естіп, сыртта шырылдап жылап тұрды. Бірақ олардың “қой” дегеніне қарамай, ұруын жалғастырды”, – деді 27 жастағы келіншек. 

Айтуынша, осыдан кейін әйелдің аяғы баспай, жағы қозғалмай, бет-аузы, мұрны қанап дереу ауруханаға жеткізілген. Бірақ күйеуі ауруханадағыларға “құлап қалды” деп айтқан, ал әйел сол мезетте жағы қозғалмағасын тіл қатпапты. Алайда құрбысынан көмек сұрап, жазып үлгерген. 

“Жағым ауырып, 4 күн нәр татпадым. Дәретханаға адамдардың көмегімен барып жүрмін. Ұрудың әдісін де үйреніп алған. Денеме жарақат түсіп, көгеріп қалмасын деп басым мен жағымнан ұра берген”, – деді ол.

Ақсұңқар бұған дейін де тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жүрген. Тіпті бұрын қолын сындырған дейді. 

“3 қыздан кейін ұл жоқ деп шу шығарады. Мойныма пышақ салған күні де болды. Үйге сол кезде полиция шақырттым, бірақ асты-үстіме түсіп, енді қаталамаймын деген соң кешірдім. Бірақ тағы қайталанып отыр. Енді кешірмеймін, ажырасып, ұрғаны үшін жазаға тартамын”, – деді Ақсұңқар. 

Одан бөлек Ақсұңқардың бір қызының құлағының мүкістігі бар. Қазір ол қызының отасына ақша жинап жүр.

Күйеуінің озбырлығынан шаршаған келіншек әділдік сұрайды. Ол ауруханаға түскен соң полицияға арыз жазды. Алайда күйеуі тергеу изоляторына қамауға алынбапты. 

Stan.kz тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сауал жолдады. 

“Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қажетті тергеу амалдарын жан-жақты жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ер адамға қатысты "ешқайда кетпеу" бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)