«Оның аты - Нұржан Нұрқабаев»: Аягөздегі офицер өлерінің алдында бастығына 213 мың теңге аударған

Аиса Махамбет Редактор
23.09.2024, 19:50
9341
«Оның аты - Нұржан Нұрқабаев»: Аягөздегі офицер өлерінің алдында бастығына 213 мың теңге аударған жеке мұрағатынан

Марқұмның анасы Ботакөз Ысқақова ұлымен соңғы рет сөйлескенде не дегенін айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұмның анасы Аягөздегі гарнизонында «суицид жасады» деген 26 жастағы офицер Нұрсұлтан Алдамұратов өлерінің алдында бастағының шотына 213 мың теңге аударған, деп Azattyq Rýhy жазды.

«Балам маған 15 қыркүйекте 213 мың теңге ақша аударып жіберді. Біраз уақыттан кейін балам қайтадан телефон шалып, «Жаңағы ақшаны қайтадан жіберіңізші, мен бастыққа жіберем деп сізге аударып қойыппын», деді. Сосын мен ақшаны қайтадан балама жібердім. Сол кезде көңіліме күдік ұялады. Балама өзім қайта хабарластым да, «ол ақшаны неге бастығыңа бересің?» дедім. Ол: «Ертең саған «подъемный» түссе, сен көп ақша алдың деп әркім ақша сұрауы мүмкін, сондықтан маған ақшаңды аударып қой деді бастық», - деді Нұрсұлтан», - дейді Ботакөз Ысқақова.

Анасы ұлына «бастығыңа ақшаны берме, ертең қайта сұрап жүресің бе» дегенде, марқұм жігіт «өзім де соны ойлап отырмын» деп жауап берген.

Ботакөз Ысқақова Нұрсұлтанның өліміне сол ақша себеп болды ма деп ойлайды.

«Осы ақша үшін менің баламды жамандыққа қиды ма деп ойлап отырмын. Бастығының аты - Нұржан Нұрқабаев», - деді ол.

Анасы ұлының өз-өзін өлтірді дегенге сенбейді.

«Жұмысына адал, жамандыққа бармайтын, өз өмірін қия салатын бала емес еді» дейді Ботакөз Ысқақова.

Еске салайық, өткен жұмада Аягөз гарнизонында офицер кенеттен көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, ол суицид жасаған. Қорғаныс министрлігі марқұмның қаржылық қызметте лауазым атқарғанын айтты.

Әскеридің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)