Бірінші курс студенттерінің стипендиясы кешігіп түсетін болды

24.09.2024, 11:08
1163
Бірінші курс студенттерінің стипендиясы кешігіп түсетін болды sputnik

Айта кетейік, биылғы оқу жылынан бастап студенттердің стипендиясы өскен болатын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы студенттерге ескерту жасады. 

Қаржы орталығы 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінің 1-курсында білім алушыларға биылғы қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясы 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген қағидаға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде төленетінін хабарлады. 

«Сондай-ақ, жаңадан түскен медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленетінін еске саламыз. Төлемдер айдың аяғында (қазанда) жасалады. Ауыспалы курс студенттерінің контингентіне (барлық басқа студенттерге) қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асады, яғни стипендия қыркүйек айының соңына дейін түседі» дейді ұйымның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, биылғы оқу жылынан бастап студенттердің стипендиясы өскен болатын. 

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтарына — 43 574 теңге, орта буын мамандары үшін — 41 896 теңге болды.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғайды. 

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті