«Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі»: Аягөзде жасөспірім қыз туысқан ағасының 11 жасынан бастап зорлап келгенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
24.09.2024, 12:32
4296
«Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі»: Аягөзде жасөспірім қыз туысқан ағасының 11 жасынан бастап зорлап келгенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Аягөзде Еркеназ есімді 16 жасар қыз мектепте дене шынықтырудан сабақ беретін туысқан ағасының өзін 11 жасынан бері зорлап келгенін айтты. Жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз-келіншектерге үндеу жасап, үнсіз қалмауға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еркеназ ағасы Еркебек Жұмаханов қыз 6 жаста кезде өзінің жыныс мүшесін көрсетіп, оны порнография көруге мәжбүрлегенін айтты. 

“11-12 жасымнан бастап зорлап келді. Құзырлы органдарға шағым түсірдім. Қылмыс дәлелденсе де, бір жылдың ішінде тергеу үш рет жабылды. Ол біздің ауылдағы мектепте дене шынықтырудан сабақ береді. Басқа да қыздарды жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген. Олар бас тартқан, кейбірі “ұят болады” деп үндемей отыр. Мен сол қыздардың атынан сөйлеп тұрмын. Біз зорланғанымызға ұялмаймыз, керісінше, бізді зорлаған адам ұялсын”, – дейді Еркеназ.

Абай облысындағы балалар омбудсмені Эльзира Жүнісова Еркеназбен байланыста екенін, қазір оған психологиялық көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.

“Мен Еркеназдың биологиялық анасымен телефон арқылы сөйлестім. Еркеназ психологиялық қолдау орталығынан психологиялық көмек алады. Колледж әкімшілігі жатақханадан бір бөлме берді. Біз Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зәкиева Динара Болатқызымен, білім басқармасымен, облыстық прокуратурамен және басқа да мүдделі құрылымдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Прокуратура мән-жайды тексеріп жатыр”, – деп жазды Эльзира Жүнісова.

Полиция Еркеназдың ісіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жоқ болғандықтан іс тоқтатылғанын айтты.

“Аягөз аудандық ішкі істер бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және толық зерттеді. Тергеу барысында қажет сараптамалар, оның ішінде кешенді комиссиялар жүргізілді. Қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты өндірісті тоқтату туралы қаулы шығарылды”, – деп мәлімдеді полиция. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады