«Тіпті өзіме де сенбеймін»: TikTok желісіндегі қауіпті тренд қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті (видео)

Аиса Махамбет Редактор
24.09.2024, 15:05
984
«Тіпті өзіме де сенбеймін»: TikTok желісіндегі қауіпті тренд қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Машинамен адам қағу трендке айналды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, TikTok желісінде көпшілікті алаңдатарлық қауіпті тенденция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Желіде тараған видеода "Сіз жаныңыздағы ер адамыңызға қаншалықты сенесіз?" деген жазба бар. Кадрлардан қыздың жолдың қақ ортасында, жүріп келе жатқан көлікке қарама-қарсы тұрғанын байқауға болады. Тренд бойынша көліктегі адам алдында тұрған қызға немесе жігітке жетуге бірнеше сантиметр қалғанда тоқтауы керек. Трендтің мәні – көлікті қыздың алдында тура уақытында, нақты жерде тоқтата алатын жүргізушінің кәсібилігін тексеру.

Видеолар жүздеген қаралым мен лүпіл жинаған. Бұл тренд басқа желі қолданушыларын осы әрекетті қайталауға шақырады. Видеодағы қыздар сабырлы көрінеді. Ал желі қолданушылары олардың батылдығы мен жүргізушілердің шеберлігіне тәнті болып, түрлі пікірлерін қалдырып жатыр. Алайда бұл трендтің астарында үлкен қауіп бар.

"Егер тежегіштер жұмыс істемей қалса, не болатынын елестетіп көріңізші", "Мен бұл тенденцияны қауіпті деп санаймын және ешқашан жасамаймын", "Мен тіпті өзіме де сенбеймін", "Мұны қайталамаңыздар", – деді пікір білдірушілер. 

Мамандар мұндай видеороликтердің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін айтты. Жүргізушінің болмашы қатеcі немесе жол жағдайының кенет өзгеруі өлімге әкелуі мүмкін дейді. 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты