Астана тұрғыны TikTok-тан «бауыздайтын таксистер» жайлы видео таратқан: іс сотта қаралды

Аиса Махамбет Редактор
24.09.2024, 17:50
785
Астана тұрғыны TikTok-тан «бауыздайтын таксистер» жайлы видео таратқан: іс сотта қаралды anchor.uz

Жүргізуші жолаушы әйелдің тамағын кесіп тастады деп айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жалған мәліметті жариялаған азамат айыппұл төлейді. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

 

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, А атты азамат әлеуметтік желідегі өзінің «TikTok» қосымшасында Астана қаласында жолаушы “жүргізуші әйелдің тамағын кесіп тастағаны” туралы видеоны орналастырған. Полиция департаменті бұл факті ешқандай жерде тіркелмегенін және ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаған.

Сот отырысында А. өзінің әрекетін ішінара мойындап, келесі күні бұл видеоны өшіргенін, бірақ оны басқа тіркелушілер таратып үлгергенін түсіндірген. Бейнежазбаны жариялаудағы мақсаты – такси жүргізушілеріне кездейсоқ жолаушылардан аулақ болуды және болашақта болуы мүмкін қылмыстардың алдын алуды ескерту екенін айтқан.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, жалған мәліметтерді орналастырғандығы жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция инспекторының баянатымен расталған.  ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігінің санкциясы жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 456-2 бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты