«Қызымды басқа отбасының «бауырына салғам»: Абай облысында туысқан ағасы зорлаған жасөспірімнің анасы мәлімдеме жасады

Аиса Махамбет Редактор
25.09.2024, 12:32
1606
«Қызымды басқа отбасының «бауырына салғам»: Абай облысында туысқан ағасы зорлаған жасөспірімнің анасы мәлімдеме жасады stan.kz

Ағасынан азғындық көрген аягөздік бойжеткен әділдік сұрап әлеуметтік желіге үндеу жариялаған еді. Қыздың анасы мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін туысы өзге мектеп оқушыларына тиісті дейді. Бұл туралы ол Stan.kz-ке ашық cұқбат берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еркеназ Орағалиеваның туған ата-анасы “бауырына салу” дәстүрімен қыздарын балалы бола алмай жүрген абысынына берген. Өгей әке-шешенің қолында тәрбиеленген бойжеткеннің алты жасынан бастап қорлық көргенін туған анасы білмеген. Естіген кезде өкініштен өзегім өртенді дейді Арай Нұргелдина. 

“Өзімді лақтырып жібергім келді. Себебі өзімді кінәлі сезіндім. Қызымды өзгеге бермеуім керек еді. Менің бұл қыздан бөлек екі балам бар. Ішімдегі сәби екі ай болғанда, қайын ағам “маған бер” деп сұрады. Мен “иә” деп келісімімді бердім. Ауруханадан өздері шығарып алды. Сол кезден бастап екеуміздің жолымыз екіге кетті”, – дейді ана.

Қыздың анасының айтуынша, Еркебек Жұмаханов ауылда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Осы оқиғадан соң, жұмыстан шығып, ауылдан көшіп кетіпті. Қызметінен өз еркімен емес, ауылдағы өзге де қыздарға қырындаған соң шығарып жіберді дейді. 

“Біздің ауылдың мектебінен шығып кетті. Басында оған мән бермеп едік. Еркебек ауылдағы бір-екі қызға сөйлеп тиіскен болуы керек. Сондықтан шығып кетті деп естідім. Ұстайды, сипалайды деген секілді қыздардың ата-аналарынан шағым түскен. Қазір олар ештеңе айтып отырған жоқ. Балаларының өмірі үшін”, – дейді ол. 

Фото: Stan.kz/Медет Исапанов

Еркеназ Оразғалиеваның айтуынша өгей анасының көзі көрмейді, әкесінің құлағы естімейді. “Үлкендердің шарасыздығын пайдаланып мені зорлап келді. Біреуге айтсаң өлтіремін деп қоқаң-лоқы көрсетті” деп отыр. 

“Осы уақытқа дейін ешкімге айтпадым. Маған сес көрсетіп, қорқытатын. Сен де, әке-шешең де маған ештеңе істей алмайды. Сендерді бұрышқа тұрғызып, дәрет сындыруға сұранатындай етемін деп қорқытатын. Әкемнің құлағы естімейді, мамамның көзі көрмейді, жуас кісілер. Соны пайдаланып маған тиісетін”, – деп еске алды Еркеназ.

18 жасқа енді толған бойжеткен, туысқан ағасының осы уақытқа дейін жасаған қорлығын толық баяндап берді. 

“Мені қора жаққа немесе сарайға алып кетіп, еркімнен тыс “порно” көрсететін. Кейін үйдегілердің жоғын пайдаланып, мүшесін ұстататын. Кейде өгей әкем үйге ішіп келіп, айқай шығаратын. Оны сабырға шақыру үшін анам Еркебекті шақырады. Ол үйдегілер ұйықтаған кезде маған тиісуін бастайды. Алғаш рет 11 жасымда арам ойын жүзеге асырды. Мен балалармен ойнап жүргенде мені үйге алып кетті. Жатын бөлмеге алып кетіп, аузымды қолымен жауып, ең бірінші рет артыма тиіскен”, – деп жылап еске алды Еркеназ. 

Ағаның азғындық әрекетін бұған дейін танымал адвокат Айман Омарова өз парақшасында бөлісіп, Еркеназ Оразғалиеваның ісіне көмектесіпті. Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бойжеткеннің  жағдайын тікелей өз бақылауға алатынын мәлімдеді. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады