«Әкеме сыйладым»: атыраулық студент Құранды жатқа айтып, жаңа көлікке ие болды

Аиса Махамбет Редактор
25.09.2024, 20:30
879
«Әкеме сыйладым»: атыраулық студент Құранды жатқа айтып, жаңа көлікке ие болды жеке мұрағатынан

Студент Құранның арқасында көлік ұтып алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы Индер ауданының тумасы Әбілхайыр Жұбан республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысында ХІІІ республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Ол жаңа автокөлік ұтып алды, деп KAZ.NUR.KZ жазды. 

Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінің 2 курс  студенті Әбілхайыр Жұбан Құран Кәрімнің 600 парағын жатқа айтады. Қасиетті кітапты 15 жасынан бастап жаттаған.

"9 жасымнан намазға жығыламын. 9 сыныптан бастап құран жаттауды қолға алдым. Әкем Ералы Қамзағалиев 25 жылдан бері Индер ауданында бас имам қызметін атқарады. Дін жолына келуіме себепкер – осы әкем. Өзімнің де қызығушылығым артып, әрі қарай зерттей бастадым. Кентау қаласындағы діни медресені аяқтадым, кейін Нұр-Мүбәрак университетіне оқуға түстім. Дәстүрге айналған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысында осымен 4-ші рет бағымды сынап көрдім. Алғаш рет жеңіске жеттім", - дейді Әбілхайыр Жұбан.

Әбілхайыр Жұбанды марапаттау сәті. Фото: Әбілхайыр Жұбанның жеке мұрағатынан Павлодар қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырған байқауға қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІІ республикалық байқауына әр облыстан іріктеу кезеңдерінен өтіп, жеңімпаз атанған 80 үміткер қатысты. Сайыс 3 күнге созылған. Атыраулық студент құранның 30 парасын толық жатқа оқу номинациясы бойынша үздік атанып, ұймдастырушылар жеңімпазға Haval - 2024 көлігін мінгізді.

"Осы жарысқа арнайы үлкен дайындықпен бардым. Ойламаған жерден бас жүлде бұйырғанына қуаныштымын. Сыйлықты мені тәрбиелеген әкеме табыстадым. Осыған дейін медреседе оқып жүріп Умраға жолдама жеңіп алған едім. Оны әкем мен анама сыйладым", - дейді жеңімпаз.

Әбілхайыр Жұбан қараша айында Кувейтте өтетін құранды жатқа айтудан Қазақстанның намысын қорғайды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды