«Жел, өрт қаупі, қатты жаңбыр»: 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

26.09.2024, 09:13
725
«Жел, өрт қаупі, қатты жаңбыр»: 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды facebook.com/kievtypical

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет 26 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысыныңбасым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с.

Алматыда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. 

Маңғыстау облысыныңбасым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, областың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысындасолтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысыныңбасым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысыныңтаулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 26-27 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысыныңбатысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысыныңбатысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысыныңтаулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкенттетөтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады