Павел Дуров жылына 130 теңге табатынын айтты
Париж прокуратурасы бастапқыда Дуровқа 20 миллион еуро көлемінде кепілақы тағайындауды талап еткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павел Дуров Париждегі сот алдында жауап бере отырып, жылына небәрі 1 дирхам, яғни шамамен 130 теңге ғана табатынын айтқан.
Le Mondeбасылымының мәліметінше, бұл сан тергеушілерді таңғалдырған.
Париж прокуратурасы бастапқыда Дуровқа 20 миллион еуро көлемінде кепілақы тағайындауды талап еткен, алайда судья бұл соманы 5 миллион еуроға дейін төмендетті.
Газет 2014 жылы Дуров «ВКонтакте» желісіндегі өз бөлігін сату арқылы 300 миллион еуро тапқанын, ал оған тиесілі Telegram мессенджерін инвестициялық қорлар 30 миллиард долларға бағалайтынын алға тартты.
Дереккөздер Дуровтың табысы 9 миллиард доллар мен 15,5 миллиард доллар аралығында екенін жазған.
Материал авторы