61 миллион теңге: Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-қызметкері түрмеге отырмау үшін айыппұл төлеуге келісті

26.09.2024, 15:56
739
61 миллион теңге: Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-қызметкері түрмеге отырмау үшін айыппұл төлеуге келісті ашық дереккөзден

Қостанайда жемқорлық жасағаны үшін сотталған ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері Жанысбек Кенесбеков 61 миллион 250 мың теңге көлеміндегі айыппұлды бірден төлеуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы Кеңесбековті қарамағындағы қызметкер Амангелді Құлмұханбетов ұстап берген. Құлмұхамбетов бастығының үнемі ақша талап еткенін, Костанайға келген кездегі қонақ үйдегі люкс номерлерін төлеп бергенін алға тартқан.

Сот барысында Кенесбековтың Атырау, Қарағанды, Қызылорда секілді филиал директорларынан да ақша талап еткені анықталды. Мемлекеттік айыптау тарапынан 1 миллион 750 мың теңге көлемінде айып тағылды. Бұл тек дәлелденген сома ғана.

Кенесбеков 7-12 жылға бас бостандығынан айырылу мүмкін еді. Ол кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасауды ұсынды. Келісім нәтижесінде үлкен мөлшерде айыппұл төлеп, түрмеден құтылу мүмкіндігіне ие болды.

Сот №2 Костанайдағы судья Анара Шаймурунова сотталушыдан 35 есе айыппұлды 10 күн ішінде төлеу қажеттігін айтты. Кенесбеков түрмеге түспеу үшін бұл сомманы төлеуге дайын екенін айтты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды