«1000 донер тегін таратылады»: астаналықтар тегін донер үшін төрт көшені жауып тастады

Аиса Махамбет Редактор
26.09.2024, 20:30
647
«1000 донер тегін таратылады»: астаналықтар тегін донер үшін төрт көшені жауып тастады бейнежазбадан алынған кадр

4 мың адам тегін донер жеуге келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олжасхан лақап атымен танымал блогер Олжас Қайрат Астанада жарнама жасаймын деп, төрт көшеде қозғалыстың шектелуіне себеп болған.

Блогер желіде дәмхананың ашылуына орай «1000 донер тегін таратылады» деген жарнама жасаған. Дегенмен келушілер саны 4 мың адамнан асып кетіпті. Сол үшін тәртіп сақшылары да шақыртылған. Ал келушілерге донер емес, талон таратылған.

Кейіннен блогердің өзі келеңсіздік үшін кешірім сұрап, ұйымдастырушылардың қонақтармен суретке түсуге рұқсат бермей қойғанын айтып ақталды.

Осылай болып кетеді деп ойламадық. Бұл жоспардан тыс болды. Мен үшін келгендіктен, барлығына шығып суретке түскім келді. Алайда маған рұқсат бермеді. Кешірім сұраймын, - деді Олжас Қайрат.

Ал қалалық Полиция департаменті ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын алға тартты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді