Оралдағы мұғалімді қатыгездікпен өлтірген: Сот Темір Сәрсеновке үкім шығарды

Аиса Махамбет Редактор
27.09.2024, 13:47
553
Оралдағы мұғалімді қатыгездікпен өлтірген: Сот Темір Сәрсеновке үкім шығарды жеке мұрағатынан

Оралда бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өз пәтерінде өлтірді деп айыпталған Темір Сәрсеновке қатысты сот үкім шығарды. Сот күдіктіні үш бап бойынша кінәлі деп тапты. Бұл туралы CMN.kz сайты мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 41 жастағы сотталушы Темір Сәрсенов қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру), 188-бабы (Ұрлық), 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша айып тағылды. 

Ол сот отырысында соңғы сөзін айтты. 

“Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес өзімді кінәлі деп санамаймын. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша да кінәмді мойындамаймын. Мен ұры емеспін және ешқашан ұры болған емеспін. Сондай-аққылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәні мойындаудан бас тартамын. Мен адам өлтірген жоқпын, кісі өлтіруге ешқандай себеп болған жоқ. Адамды өлтіру...Надежда Владимировнаны, жоқ... Бар айтарым осы… Бір ғана өтінішім бар: заттай дәлел – ұялы телефонымды, мүмкін болса, анама беріңіздерші”, – деп сөзін қорытындылады Темір Сәрсенов.

Марқұм Надежда Никитинаның қызы Кристина Мишина, оның адвокаты мен жәбірленушіннің қорғаушысы сот отырысына қатысқан жоқ. 

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 12 жалға айыруды сұрады. Сот прокурордың сұрауын ескеріп, Темір Сәрсеновты 12 жылға соттады. Сондай-ақ айыпталушының жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтінін мәлімдеді. 

Сонымен қатар марқұмның қызы Кристина Мишинаның пайдасына 10 миллион моральдық шығын өндірілді.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)