«Адамның бетіне былш еткізеді»: Мақпал Исабекова жеке өмірін сұрайтындарға ренжіді
Танымал әнші Мақпал Исабекова жеке өмірі мен күйеуіне қатысты сұрақ қоятын оқырмандарына ренішін жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгінде декреттік демалыста отырған өнер иесі алдымен әнші екенін көпшіліктің есіне салды.
"Сұрақтардың 80 пайызы күйеуіңнің ұлты қандай, мұсылман ба, жоқ па, күйеуің қайда жүр, неге жаныңда емес, ол кім боп жұмыс істейді, неге күйеуіңізді көрсетпейсіз, ажырасып кеткен жоқсыз ба, сізді тастап кетпеді ме, баланы өзіңіз босандыңыз ба, әлде кесарь ма, ЭКО-мен тудың ба, әлде өзің бе деген тақырыпта. Сонда мен өзім дым қызық емеспін бе?", – деп жазды ол.
Осындай жеке сұрақтарды көргенде әнші ыңғайсызданып қалатынын жасырмады.
“Менің күйеуіме деген осыншама қызығушылық қайдан пайда болған? Оны біліп не істейсіңдер алған ақпаратты? Ана сұрақтарды көріп, өзім ыңғайсызданамын. Тегі жай өмірде өйтіп сұрамайтын шығарсыздар, адамның бетіне былш еткізіп", – деп ренішін білдірді өнер иесі.
Материал авторы