909

«Шынайы махаббатқа кедергі жоқ»: Жамбыл облысында 38 жастағы түрмедегі әйел заңды некеге тұрды

Сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

«Шынайы махаббатқа кедергі жоқ»: Жамбыл облысында 38 жастағы түрмедегі әйел заңды некеге тұрды
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйел заңды некеге тұрды.

Polisia.kz жазуынша,  38 жастағы сотталған алаяқтықпен айналысқаны үшін қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. 

– Шынайы махаббатқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы, жүрегіме жақын адамымды таптым. Сүйіктім екеумізге отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайықты, – дейді сотталған әйел. 

Жалпы, бүгінгі таңда аталған мекемеде бас-аяғы 81 азамат жазасын өтеп жатса, оның ішінде әйелдердің саны – 5 адам.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор