Ақтөбеде 89 жастағы 10 баланың анасы 14 жылдан бері пәтер ала алмай жүр

Аиса Махамбет Редактор
28.09.2024, 11:11
674
Ақтөбеде 89 жастағы 10 баланың анасы 14 жылдан бері пәтер ала алмай жүр PXHERE.COM

Ақтөбеде 10 баланың анасы, соғыс ардагері 14 жыл бойы мемлекеттен пәтер ала алмаған. 89 жастағы зейнеткер сотқа жүгінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мәліметінше, зейнеткер 1974 жылы "Батыр ана" құрметті атағын, 2009 жылы "Тыл ардагері" мәртебесін алған. Ол Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілетін адамдар қатарына жатқызылған.

“2010 жылы ол жасына қарай, зейнеткерлер санаты мен Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне енгізілді.

Кейін зейнеткер мемлекеттік органға арыз жолдап, өз кезегін "Батыр ана" санатына ауыстыруды сұраған. Алайда жауапкер "Батыр ана" санатына ауыстыруға негіз жоқ деп өтінішін қабылдамаған. Ол бұл санатқа тіркелсе, кезектегі нөмерінің қайта басталатынын айтқан”, – деді ведомство. 

Кейін батыр ана құқығын қорғау үшін Ақтөбе облысының МАӘ сотына жүгінген. 

“Сотпен анықталғандай, талап қоюшыны есепке қою кезінде 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы редакциясы қолданыста болған. Яғни, сол кездегі тұрғын үй заңнамасына сәйкес, "Батыр ана" санаты халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары қатарында болмаған, олардың бөлек тізімі жүргізілмеген.

Алайда, 2019 жылы аталған Заңға өзгертулер енгізіліп, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған тұлғалар тұрғын жаймен бірінші кезекте қамтамасыз етілетіні көзделген.

Осыған байланысты, мемлекеттік орган осы кезеңнен бастап жалпы тізімнен өз алдына арнайы тізім қалыптастыру керек еді. Сот 2011-2023 жылдар аралығында кезек нөмірін жылжу динамикасын зерделеп, тізімнің тиісті түрде рәсімделмейтінін, ретсіз және сауатсыз жүргізіліп отырғанын анықтады”, – деп қосты ведомство.

Нәтижесінде 89 жастағы аз қамтылған зейнеткердің батыр ана және тыл ардагері бола тұра, 14 жылдан бері мемлекет тарапынан үймен қамтамасыз етілмегені анықталды.

“Сот зейнеткердің құқығын қорғап, мемлекеттік органды талап қоюшыны "Батыр ана" ретінде мемлекеттік тұрғын үйді алуға бірінші кезектілік тізіміне ауыстыруды міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді және орындалды”, – делінген хабарламада. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды