«Өлтіре бер, өзім жауап беремін»: Мектептегі әлімжеттік салдарынан қаза болған ақтөбелік оқушының ата-анасы істің әділ тергелуін талап етті

Аиса Махамбет Редактор
28.09.2024, 16:35
779
«Өлтіре бер, өзім жауап беремін»: Мектептегі әлімжеттік салдарынан қаза болған ақтөбелік оқушының ата-анасы істің әділ тергелуін талап етті бейнежазбадан алынған кадр

Қыркүйек айының басында әлімжеттік салдарынан тағы бір оқушы көз жұмды. Ақтөбе облысы, Қопа ауылындағы қанды оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, “Көреміз” бағдарламасына әділдік сұрап марқұмның туысқандары келді. 9-сынып оқушысын бір топ бала жабылып ұрған көрінеді. 

“6 баланың анасымын. Нұржан – екінші ұлым. 2009 жылы 6 қазанда дүниеге келді. Балаларым кішкентай болғасын мектептегі әлімжеттік дегенді білмеппін. Нұржанның өлімінен кейін ауыл шулап кетті. Мектепте буллиң бар екен. Бәленің бәрі 9-сыныпқа көшкеннен кейін басталып отыр. Мама, 15 жасымды күшті етіп тойлаймыз ғой” деп айтып жүретін. Оған жетпеді. 10-11 сыныптың балалары жабылып ұрған. Сол оқиғаны көрген көрші бала анасына жүгіріп келіп, “Біржан ағаның баласы құлап жатыр” депті. Қатты қорқып кеткен сияқты. Ескі моншаның ішіне жиналған. Көліктің жарығы шағылыса бергесін, ескі үйге апарып, төбелесті жалғастырған. 11-сынып оқитын оқушы “Нұржанды өлтіре бер, өзім жауап берем” депті. Менің баламда нендей әкесінің құны бар?! Енді жауап берсін. Қарақұстан тепкеннен кейін, тұрмай қалған”, – деді Амангүл Раушанова. 

Қанды оқиға қоғамды дүрліктірді. Өйткені қылмыстың тергелуі “бармақ басты, көз қысты” болып кеткен. Марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде видео жариялап, қоғамдық резонанс тудырды. 

“Ауылымызда бір ғана мектеп бар. Мектептегі әлімжеттік бұрыннан бар. Жоғары сынып оқушылары төменгі сыныптағы балаларға әлімжеттік жасайтын. Нұржанның дене бітімі ірі болғасын, көбінде ол сыныптастарын қорғап жүретін. Бокс үйірмесіне барған. Сыныптас қыздары: ”Нұржанды қаттырақ ұрыңдар” деген сөзді айтып жатыр. Одан кейін папамның қарындасының қызына “10 удар аламын да, қайтып келемін” деп жазып жіберіпті. Мен Алматыда болғасын інімнің жаназасына үлгермедім. Бірақ ертеңіне үлгеріп келдім”, – деді марқұмның әпкесі Аяжан Сыдық. 

 “Көреміз” түсірілім тобы барғанда марқұмның отбасына күдікті 15 баланың ата-анасы барып, кешіріп сұрап келген. Алайда қара жамылған отбасы кешірім бермейтіндерін айтты. Алайда Гүлназ есімді келіншек ұлының сол оқиғаны көзімен көргенін айтып берді. 

“Менің ұлым Ерасыл Нұржанға көмектеспек болып, ауыл дәрігерін шақырған. 11-сыныптың оқушылары 10 сыныптың оқушыларын жыл сайын осылай ұрады екен. Тәртіпке салып, кеуделерінен ұрады екен. Тек бір удар ғана береді екен. Менің балам көмектескен. Нұржауған деген бала екеуі Нұржанды көтеріп алған. Айтылып жатқан ақпараттың бәрі жалған. Ешкім оны жабылып ұрған жоқ, керісінше бәрі көмектескен”, –деді ауыл тұрғыны.   

14 жастағы баланың өліміне әзірге үш бала күдікті деп танылды. Мектеп мұғалімдері Жансен мен Нұржауған және Еркебұланның тәртіпті оқушы болғанын айтады. Алайда марқұмның анасы күдіктілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.  Күдіктінің ата-аналары марқұмның отбасын жалған ақпарат таратып отыр деп айыптайды. 

“Жансен қазір тергеуде отыр. 11-сыныптың оқушылары 10 -сынып оқушыларына бұйрық берген. Ұлымның кісі өліміне қатысы жоқ. 10-сынып оқушылары ақырындап ұра бастайды, бірақ қатты ұрыңдар деп айтады. Бес баланың бесеуі де ұрып шыққан. Ұлым қашып кете алмадым, бәрі қарап тұр” деді. Марқұмның отбасы жалған ақпарат таратты. Олар Нұржанды өлтіріп, қашып кеткен жоқ” – деді Жансеннің атасы мен әкесі.     

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды