516

Астанада көшеде бесік арбасын сүйреген төрт баланың анасы білдіртпей есірткі жарнамалаған

Астанада көшеде есірткіні жарнамалайтын QR-кодтары бар стикерлер таратқан 27 жастағы төрт баланың анасы ұсталды.

Астанада көшеде бесік арбасын сүйреген төрт баланың анасы білдіртпей есірткі жарнамалаған
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, деректерге сүйенсек, жедел қызметкерлер қауіпсіздік камераларының жазбаларынан күдікті әрекеттерді байқаған. 

Әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға тіпті кондиционерлерге стикерлер жабытырған. 

Анықталғандай, ол Telegram арналарының біріне тіркеліп, куратордан 500-ге жуық жапсырманы таратуға тапсырма алған. Бұл үшін оған ақы төленетіні және мұның артында қылмыстық әрекеттер жатқаны да айтылған.

Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның асырауында төрт баласы бар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор