«Қанды бұзбас үшін туыс арасында некелеседі»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы мен өмір тіршілігі қандай

Аиса Махамбет Редактор
30.09.2024, 11:48
700
«Қанды бұзбас үшін туыс арасында некелеседі»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы мен өмір тіршілігі қандай бейнежазбадан алынған кадр

Қазақстандық блогер Санат Ілияс Пәкістандағы қазақтардың өмірін көрсетті. Айтуынша мұнда олар қазақтың қанын араластырып, жоғалтпас үшін туыстарымен некелеседі. Баспана берілмегендіктен үйді жалдап тұрады және тігіншілікпен кәсіп ашып күнелтуде. Саяхатшы блогер Пәкістанның солтүстігінде орналасқан Пешавар қаласындағы қазақтардың әйелдерге қарым-қатынасы мен өмір сүру жағдайын түсірді. Бұл туралы “Жалғыз жолаушы” бағдарламасы жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аталған қалада қазақтардан бөлек тәжік,түркімен, өзбек, ауғандар қоныстанған. Олардың басым бөлігі Кеңес одағы Ауғанстанға басып кіргенде жан сақтау үшін қашып келген. Пешеварда 10 шақты қазақ отбасы өмір сүреді. Олардың жағдайы өзге аймақтардағы қазақтарға қарағанда жақсырақ. Осыдан 25 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев елге оралуға ұшақ жіберген кезде олар бас тартқан екен. 

“Жаяу келгенбіз. Мал-мүлік бәрі Ауғанстанда қалды. Бір көйлекпен келдік. “Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер” деп бауырлар солай азғырған ғой бізді. Солай деп айтқандардың өздері кетіп қалды соңында”, – деді Мұхаммеднаим.

Пәкістандағы қазақтардың тілдері өзбек тіліне ұқсаңқырап кеткенімен, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты өздігінше ұстанады. Мұнда әр отбасы дінді берік ұстанады. 

Бұл жақта әйелдердің өмір тіршілігі өзгелерге құпия. Себебі олар ер адамдардың көзіне көрінбейді. Дегенмен ас-ауқат дайындау мен үй тіршілігі солардың мойнында. Ал шәйді ер адамдар құяды. 

Фото сюжет кадрларынан

“Пәкістанда еш ауылда үйіміз жоқ. Барлық жерге ақша төлейміз. Үш үйге әрқайсысына 19 мыңнан (34 200 теңге) төлейміз. Айына су үшін 7 200 теңге, жарыққа 90 мың теңге, жылуға қыста 72 мың теңгедей төлейміз”, – деді Хәкім.

Мұнда жалақы 50 мың теңге. Ал қазақтар бірігіп шағын цех ашу арқылы күнелтуде.

“Әйелдерді көрсете алмаймыз. Олар бізде жұмыс істемейді. Шариғат бойынша еріне қызмет етеді”, – деді Мұхаммеднаим.

Мұхаммеднаим жұбайынан 9 баласы бар. Анасының жасы 67-де. Ол Пәкістандағы өміріне көңілі толатынын айтты.

“Шүкір, бәрі жақсы, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Бала-шағамды жақсы асырадық. Ажырасу деген жоқ бізде. Ер адам әйелге қол көтереді. Әйелі емес, адам болғасын болып тұрады. Әйел кешірім сұрайды, ер адам кешірім береді. Ал ажырасу деген жоқ”, – деді отбасы мүшелері. 

Мұнда 10 шақты қазақ отбасылары бір-бірінің арасында ғана некелеседі. Өзге ұлтпен некеге мүлде қарсы. Сол себептен туыс арасындағы неке салдарынан денсаулығында кінәраты бар балалар да туылған. 

Фото сюжет кадрларынан

Ал Пәкістанның астанасы Исламабадта қыз келіншектер басқа өңірлерге қарағанда еркінірек. Оларға мұнда орамал тағу міндеттелмеген. Көшгеде ашық шықса болады. Қазақстандық Бағила пәкістандық жігітке тұрмысқа шыққан. Айтуынша, бұл некеге басында ата-анасы қарсы болған. Ал қазір тұрмысқа шыққанына 12 жыл болған, екі баласы бар.

“Оның да, менің де ата-анам қарсы болды. Алайда біз өз әлемімізді құрдық. Әйел адамдармен сөйлесіп, достасып қарасаң олар өте басқаша. Олардың да көзқарасы бар. Көп адам Пәкістанда әйелдердің өз ойлары жоқ деп айтады. Негізі олай емес. Әрине, ер адамдарды бірінші қоятыны рас. Онымен келісемін. Салт-дәстүрлеріміз Қазақстанға ұқсас. Алайда бұл жақта біздегідей қалың мал дегенге қарағанда керісінше қыз тарап көп шығын шығарады”, – деді ол.

Пешавардағы қазақтардың қазіргі арманы өз еліне, өз жұртына оралу екен.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды