«Бақытты сәтпен қауышу үшін тексерістен өту керек»: Айгүл Иманбаева ана атану үшін дайындалып жүргенін жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
30.09.2024, 15:33
571
«Бақытты сәтпен қауышу үшін тексерістен өту керек»: Айгүл Иманбаева ана атану үшін дайындалып жүргенін жасырмады жеке мұрағатынан

Жақында тұрмыс құрған әнші Айгүл Иманбаева денсаулығына байланысты шетелге ұшып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі емханада құрсағын тексертіп жатқан видеосын Instagram парақшасына жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды. 

"Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет. Мен қазір Стамбұл қаласындамын. Анама да бұл жер ұнады. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up", – деген әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойды. 

Еске салайық, өнер иесі балалы болуға дайындалып жүргенін жасырмады. 

“Балалы болуға дайынмын. Биылғы жылдың жоспарында емес, Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, мен дүниеге әкелуге дайынмын. Ер мен әйелге бөпе не үшін беріледі?! Біздің қазақта “Ойбай, қартайғанда туыпты” деген қазақтың құрып қалған сөзі бар. Біріншіден, қартайып тұрған түрім жоқ. Қазақтар ғана 35 жасында қартайып, 45 жасында өлімге дайындалады. Ол биологиялық өлшем емес. Мидағы ғана қалыптасқан түсінік. Шетелде көп жүрдік. Ол жақта 35 жасқа дейін жасөспірім болып есептеледі. 35пен 65 жастың арасы жас болып саналады. Олардың өмірі 40 жастан кейін басталады. Саяхаттап жүргендер де, сүйісіп отырғандар да, сол жастағы адамдар. Мен осы дүниені қазақтардан да көргім келеді. сол үшін де балалы болудан қашып отырған жоқпын. Сондықтан біз дайынбыз. Биылғы жылды балама, баламның киносына арнадық. Бұйыртса келесі жылы бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік”, – деген болатын әнші.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды